Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұлым мен қызымды сұлтанға сеніп тапсырып кетіп жүрдік". Атырауда жоғалған Ақбаян мен Сұлтан туралы сұмдық дерек шықты

11:24, 14 наурыз 2026

Атырау қаласында болған қанды оқиғаға байланысты күдікке ілінген Сұлтан мен Ақбаян туралы олардың бұрынғы көршілері естеліктерін бөлісті. Бұл туралы  Alash.kz хабарлады.

КТК арнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашевтің айтуынша, редакцияға осы үйде бұрын тұрған тұрғындардың бірі хат жолдаған.

Көршінің айтуынша, ол 2023 жылы сол үйдің бір бөлігін жалдап тұрған және сол кезде Сұлтан мен Ақбаянмен көрші болған. Оның сөзінше, сырт көзге бұл отбасы өте қарапайым, сабырлы әрі тыныш болып көрінген.

«Сәлеметсіз бе! Біз 2023 жылы сол үйдің екінші бөлігінде жалдап тұрдық. Сұлтан мен Ақбаян біздің көршіміз болды. Олар көшіп келгеннен кейін екі айдан соң біз басқа жерге көшіп кеттік. Қазір жаңалықтарды көріп қатты шошып отырмыз. Алланың қалауымен дер кезінде көшіп кеткен екенбіз», – дейді тұрғын.

Көрші олардың өздерімен жақсы араласқанын айтады. Оның айтуынша, жұма сайын олар бауырсақ пен пирожки пісіріп әкеліп беретін. Кейде дастарқан сұрап алып, тұрмыстық заттарды бірге пайдаланған.

Сондай-ақ, Ақбаянның туыстары, әсіресе анасы мен ағасы Наурыз жиі келіп тұрғаны айтылған.

Ал Сұлтан туралы да ол жағымды пікірде болғанын жеткізді.

«Сұлтан да өте жуас, тыныш жігіт сияқты еді. Тіпті жолдасым түнгі ауысымға кеткенде, үйде балалар қалғанда, соған қарап қоюын өтінетінбіз», – дейді көрші.

Алайда қазіргі жағдайды естіген тұрғын қатты таң қалғанын айтып, «үндемейтін жуас адамнан да қорқу керек» деген сөздің мәнін енді түсінгенін жеткізген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар