Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексерудің қорытындысын жариялады, деп жазды Alash.kz.
Ведомствоның мәліметінше, тексеру іс-шаралары нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталмаған.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та Нұрлан Сабуровқа қатысты видео тараған болатын. Онда әзілкештің 2025 жылдың жазында Ресей тарапындағы әскери құрылымдарға 10 мотоцикл тапсырғаны жөнінде ақпарат айтылған еді. Осы оқиғадан кейін қоғамда резонанс туып, ресми органдар тексеру жүргізуге кіріскен.
Тексеру нәтижесінде құқық қорғау органдары заң бұзушылық фактілері жоқ екенін мәлімдеді.