Балаларын терезеден лақтырған әйелге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп жазады Alash.KZ.
Оқиға Нұрмағамбетова көшесіндегі үйде болған. Ауыр жарақат алғандар 6 минут ішінде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
▫️2024 жылы туған бала ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Қабылдау бөлмесінде оны қайта тірілтіп, жансақтау бөліміне жатқызған.
▫️2017 жылы туған екінші балада жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, жамбас сүйегінің сынуы тіркелген. Сондай-ақ, ол бала да ішкі жарақаттар алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
▫️1991 жылы туған әйел есін біледі, бірақ жағдайы ауыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, іс материалдары тергеу бөліміне берілді, – деп хабарлады полиция департаменті.