Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы әскери іс-қимылдарды қысқа мерзімде аяқтау мүмкіндігіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Оның айтуынша, егер ресми Киев тиісті шешімдер қабылдап, қойылған міндеттемелерді орындауға келіссе, соғыс кез келген сәтте тоқтауы мүмкін. Сонымен қатар Кремль өкілі Ресей тарапының диалогқа дайын екенін және бұл мәселеде АҚШ-тың араағайындық әрекеттерін құптайтынын жеткізді.
Мәскеудің ұстанымы бойынша, қақтығысты реттеу үшін ең алдымен тараптардың өзара міндеттемелерді нақты атқаруы маңызды. Песков Ресейдің келіссөздер процесіне ашық екенін айта отырып, қазіргі жағдайдың өзгеруі тікелей Украина билігінің саяси ерік-жігеріне байланысты екенін алға тартты.