Дональд Трамп журналистермен кездесу кезінде Украинаға қатысты даулы мәлімдеме жасады. Ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде Украина әскери тұрғыдан жеңіліс тапты деп мәлімдеді. Бұл пікір оның Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенінен кейін айтылған, деп жазады Alash.KZ.
Трамптың сөзінше:
«Менің ойымша, Украина әскери тұрғыдан жеңілді, түсіндіңіз бе? Егер сіз жалған жаңалықтарды оқысаңыз, мұны байқамай қалуыңыз мүмкін. Бірақ әскери тұрғыдан қараңыздар… Олардың флотына қараңыздар! Оларда 159 кеме болған. Қазір олардың барлығы су астында».
Сонымен қатар, ол Украина авиациясы да толық жойылғанын айтты.
Алайда бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды. Украина Әскери-теңіз күштерінде ешқашан 159 әскери кеме болмаған.
Сарапшылардың айтуынша, Трамп бұрын дәл осы «159 кеме» туралы мәліметті Иранға қатысты қолданған.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілік тарапынан сынға ұшырады.