Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина президенті Владимир Зеленский Әзірбайжанда үшжақты келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Әзірбайжанда үшжақты келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Ол бұл туралы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірлескен мәлімдеме барысында айтты, деп жазды Alash.KZ.

Зеленскийдің сөзінше, мұндай форматтағы келіссөздер бұған дейін Түркияда және АҚШ-пен Швейцарияда өткен.

«Егер Ресей дипломатиялық жолға дайын болса, біз Әзербайжанда жақын арада өтетін келіссөздерге қатысуға әзірміз», – деді Украина басшысы.

Зеленскийдің айтуынша, Әлиевпен кездесуде Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу мәселесі талқыланған.

Сонымен қатар тараптар түрлі саладағы ынтымақтастыққа қатысты алты құжатқа қол қойған. Оның ішінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені де бар.

Айта кетейік, бұл – Владимир Зеленскийдің Әзербайжанға алғашқы сапары және Ильхам Әлиевпен жетінші кездесуі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар