Вашингтон қатаң талаптардан бас тартқаннан кейін Украина мен АҚШ пайдалы қазба туралы келісімге келді деп жазды Alash.KZ сайты Financial Times порталына сүйеніп.
Бұл жөнінде "Украинская правда" басылымы да жазды.
Келісім АҚШ-тың Украина қауіпсіздігі мәселесі бойынша ұзақмерзімді міндеттеме алуына жол ашады және соғысты тоқтату стратегиясының бір бөлігі болмақ деп жазды БАҚ.
Бұған дейін Украинаның құжаттың алғашқы нұсқасынан бас тартуы Киев пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасты нашарлатқаны хабарланған еді.
Құжатқа Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига және АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қол қояды. Құжатқа сәйкес, АҚШ пен Украина инвестициялық қайта құру қорын ашпақ.