Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Украина ешқашан өз жерін айырбасқа бермейді" - Владимир Зеленский территориялық келісім туралы қатаң мәлімдеме жасады

18:20, 24 қазан 2025 330

Украина мен Ресей арасындағы соғыс жалғасып жатқан шақта, Владимир Зеленский Брюссельде өткен Еуропалық кеңес саммитінде мәлімдеме жасап, Украинаның ешқандай жағдайда Ресейге аумақтық жеңілдіктер беруге дайын емес екенін қатаң түрде айтты, деп хабарлайды Аlash.KZ.

Зеленскийдің айтуынша, соғыстың тоқтауы тек әділ шарттар негізінде жүзеге асуы керек. Ол бейбітшілік орнату ниеті бар екенін жоққа шығарған жоқ, бірақ Ресейдің агрессиясына қарсы нақты қысым көрсетілмейінше, атысты тоқтату мүмкін болмайтынын атап өтті.

«Украина ешқашан өз жерін айырбасқа бермейді. Біз бейбітшілікті қалаймыз!», — деді Зеленский.

Саммит барысында Украина президенті Еуропалық одақ елдерінен саяси және әскери қолдауды жалғастыруды сұрады. Ол Ресейдің соғысты ұзарту стратегиясына қарсы тұру үшін бірлескен әрекеттердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Еуропалық кеңес мүшелері өз кезегінде Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтындарын тағы да мәлімдеді. Кейбір елдер Киевке жаңа санкциялық және қаржылық қолдау пакеттерін ұсынуға дайын екенін білдірді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар