«Үкіметтің отставкаға кетуі кешегі күннің тарихы, оны қаузай берудің қажеті жоқ. Өткен жылы мен Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болуына қарсы дауыс бергем. Ә.Смайылов жақсы жігіт болғанымен, ол премьерлік функцияны атқаруға шамасы жетпеді. Отставкаға кеткен Үкімет қымбатшылықты ауыздақтай алмады, кедейшілікке қарсы үкіметтік бағдарлама жасай алмады. Ол Үкімет өрт сөндіру қызметін атқарды, қай жерде өрт, қайда апат – соның жауабымен ғана айналысты. Елдің күрделі экономикалық жағдайында отставкаға кеткен Үкімет өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмады», – деді Ермұрат Бәпи.
Фото: Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан