Әлеуметтік желіде өзінің тренд видеоларымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы өзін қолдап жатқан оқырмандарына алғысын білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
"Мыңдаған адамның қолдауын сезініп, ұйықтай алмадым. Мен сіздермен біргемін", – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын.
"Бәрін тоқтаттым. Мектеп. Қызмет. Әлеуметтік желі. Келесі қадам?" – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.
Кейін мектеп директоры әлеуметтік желідегі белсенділігін тоқтатпайтынын айтып, жақты жаңалықтарын бөлісті.
“Кішкене үзіліс алып, парақшамда не жазатыным туралы ойланып жүр едім…
Қазір бұрынғыдай белсенді емеспін, бірақ алда бұл парақшада басқаша форматтағы, жаңа бағыттағы контент болады.
Өйткені мен бұл парақшаға жай ғана контент салып, оқырман санын көбейтіп, тренд қуып отыратын блогер болғым келмейді.
Мен үшін бұл – миссиясы бар парақша.
Иә, дәл солай. Өз миссиямды тапқан сияқтымын.
Мен ұстазды шабыттандыратын, оқушыны еститін, ата-анаға бағыт беретін, қазіргі буынмен байланыс орната алатын парақша жүргізгім келеді.
Біраз уақыт бұрын барлығы сол қалпында болғанымен, менің ішкі дүнием өзгеріп кетті.
Сол себепті, енді парақшамда жаңа дүниелер басталмақ.
Күтемін”,- деп жазды жаңашыл директор.