Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұйымдасқан қылмыстық топ демеу болған: Ер адам қыздарды боспалап аямай зорлаған

09:39, 28 қаңтар 2025 1319

Қырғызстанда Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына демеушілік жасап, қыздарды зорлаған ер адам арнайы қызмет өкілдері тарапынан ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) баспасөз орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

24.kg порталының мәліметінше, К.Н. есімді азамат 2013 жылдан бері Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының өкілдерімен байланысып, “воровской общакты” жүйелі түрде қаржыландырып келген және қылмыстық әлемде Доо Чынгыз деген атпен танымал Чыңғыз Жұмағұловпен жеке қарым-қатынас орнатқан.

“К.Н. өзіне берілген еркіндікке сеніп, ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің қолдауымен азаматтарға, соның ішінде қыздарға түрлі қысым көрсеткен. Ол оларды зорлап, бопсалаған.

Зорлық-зомбылық және қылмыстық топты қаржыландыру фактілері жәбірленушілердің арыздары арқылы расталды”, – делінген хабарламада.

ҰҚМК қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту және жедел ақпаратты құжаттау мақсатында тергеу және жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар