Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үйден бір мезгіл қазанның иісі шықпаған соң, ол үйде қандай береке болмақ?". Журналист қазір ешкімнің үйде тамақ пісірмейтінін айтты

18:04, 14 наурыз 2026

Журналист Бекжігіт Сердәлі әлеуметтік желіде соңғы жылдары кейбір отбасылардың үйде ас дайындамай, кешкі асты дәмханаларда ішуге үйреніп бара жатқанын айтып, пікір білдірді, деп жазды  Alash.kz.

Оның айтуынша, әсіресе Ораза айы кезінде бұл құбылыс анық байқалған. Кейбір отбасылар ауызашар уақытына бірнеше күн бұрын дәмханалардан орын брондап, үйде тамақ дайындамай, бала-шағасымен бірге кафелерге баратын болған.

Автордың сөзінше, Түркістан қаласында кешкі уақытта 70-ке жуық ірілі-ұсақты дәмханадан бос орын табу қиын. Бұл орындарды көбіне туристер емес, қала тұрғындарының өздері брондайды.

Ол сыртта тамақтанудың уақыт үнемдеу сияқты ыңғайы бар екенін мойындағанымен, үйде қазан көтерілмесе, отбасының берекесі азаюы мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, ас үй тек тамақ дайындалатын орын ғана емес, ол отбасы мүшелерін біріктіретін, балаларға тәрбие мен жылылық беретін маңызды орта.

Сондай-ақ ол үйде дайындалған қарапайым тағамның өзі кейде мейрамханадағы астан да артық әсер қалдыратынын атап өтті. Автор «Ырыстың басы – қара қазан» деген нақылды келтіріп, қазан қайнамаған үйде дастарқанның да берекесі азаюы мүмкін екенін айтып, қоғамды осы мәселеге назар аударуға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар