Теміртау қаласында 20 қыркүйек күні белгісіз бағытта үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 38 жастағы әйелді іздеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған азаматшаны табу үшін арнайы іздеу шараларына әскери қызметшілер мен республикалық еріктілер қозғалысының өкілдері де толықтай қосылды.
Айта кетейік, әйел осыдан біраз уақыт бұрын үйінен шығып кеткен бойда туыстарымен байланыс үзілген. Содан бері жақындары оның қайда екенін біле алмай, алаңдаулы отыр. Еріктілер мен құқық қорғау органдары қала аумағын және көршілес нысандарды тінтіп, іздеу жұмыстарын жалғастыруда.