Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үй жағдайында емдеймін деп ауруханаға жатпаған: 1 жасар сәби көз жұмды

09:49, 23 желтоқсан 2024 232

Мәскеуде бір жасар қыз бала желшешек ауруынан қайтыс болды. Ата-анасы оны үй жағдайында емдеп жазуға үміттенген, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT мәліметінше, 15 желтоқсанда сәби Химкидегі аурухананың инфекциялық бөліміне жоғары температурамен жеткізілген.

Алайда ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тарту туралы өтініш жазған.

Төрт күн өткеннен кейін жағдайы жақсармаған соң, ата-анасы ақылы жедел жәрдемге жүгінеді.

Дәрігерлер сәбидің тілінің көгеріп кеткенін байқап, бұл желшешектен пайда болған жара екенін анықтаған.

Дәрігерлер балаға екпе салып, инфекциялық ауруханаға баруға кеңес берген.

Ата-анасы ауруханаға бара жатқанда, Ленинград тасжолында сәбидің тынысы тарылып, жағдайы нашарлай бастайды.

Ата-ана мен балаға жолдағы полиция қызметкерлері көмекке келген.

Олар өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатып, сәбиді сол көлікпен Боткин ауруханасына жеткізеді.

Алайда, өкінішке қарай, сәби ауруханада қайтыс болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар