Әжесінің айтуынша, 6 жастағы Әли 25 қыркүйектен бастап ақырындап құса бастаған.
Дәрігер ұсынған емнен баланың беті бері қарамаған.
"Немереме бір рет система қойылды. Ауруханада үш күн жаттық. Мен қайта-қайта дәрігерлерге бара бердім. Таң ата сағат 6:22-де Әликошым оянып, "апа, су берші" деді. Тамсанып тұрып суды ішті де, уф деп жүріп кетті", - дейді әжесі.
Мән-жайды тілшіміз аурухананың бас дәрігерінен де сұрап көрді.
"Баланың құсып қайтыс болуы деген мүмкін емес жағдай. Дәрігерлер заңды хаттама бойынша емдеген. Өзіміздің де төбемізден жай түскендей күйдеміз", - дейді ол.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.