Тележүргізуші Руслан Өтепбай бүкіл қазақты жылатқан Назгүл мен Құндыздың қазіргі өмірлерін бақылап, бағдарлама арнады, деп хабарлайды Alash.kz.
Бағдарлама басында Руслан Өтепбай базарға барып қыздарға киім-кешек алып, ескертпей барып қыздарды қуантты.
Құндыз сұхбат барысында өз арманы үйлі болу және тұрмысқа шығу екенін айтты.
“Жігіт болса шыққым келеді. Денсаулығым жақсы, кішкене талмам ұстап қалатыны бар”,- деді.
Қыздар жағдайларының жақсы екенін айтты. Олар өздеріне боянатын заттар керек екенін айтып, әзілдесті.
Бағдарлама ортасында Руслан мырза қыздардың сәл жүдеп кеткенін айтты. Оған ашуланған күтуші апай ренішін білдірді.
“Қыздар азып кеткен секілді. Сізді кінәлап жатқан жоқпын, Зульфия ханым өзіңізге алмаңыз. Жай азып кеткенін айтып жатырмын”,- деді ол.
Зульфия ханым да ренішін білдіріп, өз сөзін қосты.
Тырнақтың астынан кір іздеп тұрған сияқтысыз. Тамақтары тоқ, қаншама қиыншылықтан алып шықтым, рас па? 8 ай сіздерде жатты. Өз үйіңізде тұрды. Емдеттіңіз. Үй қайда деп сұрайды, үйді ешкім бермеді. Қанша баланы өсіріп келдім. Ақталмаймын мен.”,- деді ол.