Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тырнақ астынан “кір” іздеу": Қорғаныс министрі Жақсылықовтың әйелінің клипіне қанша қаражат жұмсалды?

19:21, 11 қазан 2024 869

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың әйелі Эльмира Баққали “Қазақстан” әніне 2015 жылы бейнеклип түсірген, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бейнеклипке әскери техниканың тұтас колоннасы, тікұшақ пен бір топ сарбаз түскен. Ондағы адам саны мен әскери техниканы ескерсек, көп қаражат жұмсалғаны анық.
  
Ал Қорғаныс министрлігі, тырнақ астынан “кір” іздеудің қажеті жоғын айтты. Олардың мәліметінше, бейнебаян осыдан 10 жыл бұрын түсірілген. Бұл Ұлттық ұлан туралы әскери-патриоттық бағытта жасалған алғашқы имидждік клип.

"Клип жауынгерлік дайындық бойынша жоспарлы сабақтар кезінде түсірілген. Оны жасауға ешқандай мемлекеттік қаржы жұмсалмаған. Демеушілердің көмегі тартылған. 10 жылға жуық уақыттан кейін бұған мән берудің қажеті қанша?", - дейді олар.

Айта кетейік, 2014 жылы Руслан Жақсылықов Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметіне келді. Ал бейнеклип Эльмира Баққали ансамбль құрамында болған кезде, 2015 жылы жарыққа шыққан. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Құрмет" орденінің иегері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?