Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тынысы тарылғандай болып, мазасы қашты… Қорқып кеттім”: Қыдырәлі Болмановтың қазіргі жағдайы белгілі болды

10:30, 19 мамыр 2026

Әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлі Болмановтың ауруханаға түскенін айтты, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесінің қазіргі жағдайы белгілі болды.

"Кім ойлаған бұлай боларын? Не болды деп алаңдап, хабарласып жатқан тілеулестерім, рақмет! Білесіздер, 20 мамыр күні яғни бір күннен кейін Астанада концертіміз. Соның шаруаларымен шақыру бар, басқа да сұрақтармен кеше үйде отырғанбыз. АЯҚ АСТЫ Қыдыркен өзін жайсыз сезініп, тынысы тарылғандай болып, қатты мазасы қашты. Бұрын олай ауырғанын көрмеп ем, қорқып кеттім. Дәрігерге жедел келдік. Мамандардың көмегімен шүкір бүгін жағдайы тұрақталып, беті бері қарады. Алайда, Қыдырға кем дегенде әлі 15 күн ем қабылдау керектігін, сахнаға шығуға болмайтынын түсіндірді… Тура осы тұста, “мәссаған”, “концерт ше”- деп, не ойлап не қоярымды білмей отырған күйі әлі отырмын!…  Құрметті ән сүйер қауым! Сәуірден басталған ән сапар бізге оңай болған жоқ! 12 000 км жол жүріппіз. Халықтың ыстық қошеметі мен ықыласы өзі көтеріп алып отырғанға тарта беріппіз. Енді бастаған істің нүктесін қояйын десек, "Соңғы түйенің жүгі ауыр" болып қырсығып қалғаны. Қыдекеме көз тиді ме, сөз тиді ме? Әйтеуір айналдырып кетті... Қайыры. Сол себепті 18 мамырға жоспарланған концертімізді 18 маусымға ауыстыру жөнінде шұғыл шешім қабылдап отырмыз. Түсіністік танытасыздар деген сенімдеміз", - деп жазды Қарақат Әбілдина.

Оқырмандар алаңдаушылық білдіріп, өнер иесінің тезірек жазылып кетуін тіледі.

"Шипасын берсін!, "Тез сауығып кетіңіз!", "Алла шипасын берсін", "Құлан таза айығып кетіңіз", - деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар