Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тыңшы болып материал тасыған". Ресейге көшіп кеткен танымал қазақстандықтың үсінен қылмыстық іс қозғалды

20:01, 14 ақпан 2026

Украина Қауіпсіздік қызметі Нұрлан Сабыровқа қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды  Alash.KZ.

Украина Қауіпсіздік қызметі Қазақстан азаматы, стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Хабарламаға сәйкес, тиісті мәліметтер Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізілген. Тергеу Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі («агрессор мемлекетке жәрдемдесу») бойынша жүргізіліп жатыр.

Адвокат Евгений Прониннің айтуынша, күдік Сабыровтың Ресей қарулы құрылымдарының өкілдеріне материалдық ресурстарды дайындап беруі және тапсыруы мүмкін деген болжамға қатысты. Бұл жайттар ресми тергеу аясында тексерілмек.

Прониннің мәлімдеуінше, егер тиісті шешім қабылданса, Интерпол жүйесіне мүше елдер аумағында ұстап, Украинаға беру мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар