ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің ізбасары, жас талант Нұржасты туған күнімен құттықтап, оған ақ тілегін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Нұржас, Туған күнің құтты болсын! Саған зор денсаулық, шығармашылық табыс, биік белестер мен үлкен жеңістер тілеймін.
Өнер жолында өзіңе тән қолтаңбаң қалыптасып, талантыңмен талай жүректі бағындырып, Қазақстанның атын шығаратын, елімізден екінші болып әлем бойынша ареналар мен стадиондарда өзіңнің кештеріңді беретін күнге жет. Қазақ өнерін жаңа биіктерге көтеретін ізбасарым боларыңа тілектеспін.
Ал менің тыңдармандарыма айтар өтінішім - Нұржастың парақшасына тіркеліп, жылы лебіздеріңізді білдіріп, қолдау көрсетіңіздер. Жас таланттың талабына қанат бітіріп, өнер жолындағы қадамына бірге демеу болайық. Сіздердің әрбір жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңыз ол үшін үлкен күш деп сенемін!