Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тикток әкімшілігі Қазақстанда да бұғатталатын естіп "есеңгіреді"

15:16, 24 сәуір 2024 503

Тикток әкімшілігі Қазақстанда аталмыш әлеуметтік желіні бұғаттауға деген ұмтылысты көріп таңғалды, Alash.KZ ұлттық порталы.  

TikTok әкімшілігі Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің осы әлеуметтік желіні бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таңғалды. Бұл туралы TikTok-тың  ресми түсініктемесінде айтылған.

"Біз қатты таңғалдық".Түсініктеме осындай сөздерден басталған. Кейінннен 19 сәуірде Мәдениет министрлігінің өкілі Алматыдағы TikTok іс-шарасында сөз сөйлеп, платформаның жұмысын "жоғары бағалағаны" айтылған. 

"Бұл бағытта біз көп күш жұмсаймыз. 2023 жылы біз қоғамдастық ережелерін бұзу себебінен Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнероликті алып тастадық. Мәдениет және ақпарат министрлігін қоса алғанда, мүдделі билік органдарымен, ІІМ-мен тікелей жұмыс істейміз", - деп атап өтті TikTok.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі әкімшілігі соңғы айларда кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне байланысты мазмұнды жою туралы сұраулардың жоқтығын атап өтті.

"Осыған байланысты, сондай-ақ ынтымақтастықтың үлкен тарихын ескере отырып, министрдің мәлімдемесі біздің қызметімізге сәйкес келмейтін болып көрінеді",-деп қорытындылады TikTok баспасөз қызметі.

 

Естеріңізде болса, министр Қазақстанда қандай да бір әлеуметтік желіні бұғаттау мәселесі бірқатар факторларға байланысты болатынын айтқан: 

"Мұның бәрі заңсыз мазмұн деңгейінің қаншалықты басым және масштабтан тыс болатынына байланысты болады. Атап айтқанда, қазір TikTok келе жатыр. Біз бұл сұрақты зерттеп жатырмыз. Менің ойымша (бұғаттау — ред.), мен министр ретінде қарастыру керек деп айтамын. Көріп отырғаныңыздай, біз бұған жауаптымыз, себебі балалар қарап отыр. Ал сіз ана жерде қандай сөздер бар екенін көресіз. Шындығында, адамдар қазірдің өзінде карталар арқылы болжам жасап жатыр", - деп түйіндеді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар