Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тыйым салынуы мүмкін»: Маңызды! Аида Балаева балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

15:34, 21 қаңтар 2026

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл бастама туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін арнайы заң жобалары әзірленген. Құжатта жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың желідегі белсенділігіне шектеу қою тетіктері қарастырылған.

Аида Балаева өз сөзінде медиа кеңістікті реттеудің маңыздылығына тоқталып:

«Халықтың медиасауатын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады», - деп атап өтті.

Жаңа заң жобасы аясында жарнама нарығын реттеу және отандық контенттің сапасын арттыру мәселелері де шешімін таппақ. 
 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар