Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тыйым салынады! Қатаң бақылауда ұстаймыз”: Оқу-ағарту министрі маңызды мәлімдеме жасады

13:29, 26 мамыр 2026
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп түлектеріне аттестат тапсыру кештеріне қатысты ескерту жасады, деп жазады Alash.kz.

Министр 17–18 маусым күндері 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтетінін айтты. 
 
"Іс-шараларды тек білім беру базасында өткізу тапсырылы. Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені Ішкі істер органдарымен бірлесіп, қатаң бақылауда ұстайды", - деді Оқу-ағарту министрі үкіметтің бүгінгі отырысында.
 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар