Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Түзету енгіздік! Нәтиже бар!». Маңызды! Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалықты жария етті (ФОТО)

16:09, 22 мамыр 2026

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов заң жобасына енгізілген жаңа түзетулердің азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды қалай күшейтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Халық қалаулысы бұл шешімнің заңды күшіне енгенін растау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен келген ресми жауап хатты жария етті.

Автодозвoн (автоматты қайта қоңырау шалу) мәселесін министрдің алдында көтеріп, заңға түзету енгізген едік. Нәтиже бар!

Қазіргі уақытта Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Жаңа ережеге сай, абонентті қабылданбаған қоңыраулар туралы SMS арқылы ғана жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, заң жобасы шеңберінде рұқсат етілмеген трафикті генерациялауға тыйым салу бойынша да арнайы түзетулер қарастырылып жатыр.

Халықты мазалайтын, спамға айналған заңсыз қоңырауларға құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қою маңызды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар