Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тұрсынбекті танығалы бері…”: Қыдырәлі Болманов ел естімеген естелігін жайып салды (ВИДЕО)

18:33, 06 сәуір 2026

Жуырда продюсер, әнші Мөлдір Мұқан өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп жазады Alash.kz. 

Туған күн кешіне қатысқан Қыдырәлі Болманов желідегі парақшасында жазба жариялап, естелігін бөлісті.

“Астанаға көшіп келгелі, Тұрсынбекті танығалы бері Мөлдірді білемін. Қашан көрсем де, ағалап, ыстық ықыласын білдіріп, құрметін көрсетіп, туған қарындасымдай ақ ниетін алдымызға жайып жүретін, ниеттес, тілектес жандардың бірі. Мөлдірдің аға-апалары да сондай сыйлап, құрметін білдіріп тұрады. Алла разы болсын! Мөлдіржан, маған деген сый-құрметің қандай болса, мейірімді Алла саған да солай мейіріммен қарасын! Тілегіңді қабыл етсін, Мөлдір! Алла жайнап өсіп келе жатқан құлыншақтарыңның бақытын көруді нәсіп етсін!”, – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар