Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістаннан Атырауға көмекке аттанғалы жатқан 7 баланың әкесі оқыстан мерт болды

18:44, 16 сәуір 2024 2436

Журналист, қоғам белсендісі Диас Нұрақын өзінің facebook парақшасында елге еңбек етемін деп ажал құшқан көп балалы әке жайлы жазба жариялады. Дәлірек айтқанда, жекесіне оқырмандарының бірі хат жолдаған, деп хабарлайды Alash.kz.

Хатта Атырауға гуманитарлық көмекке аттанғалы отырған Қайырбек есімді 7 баланың әкесі оқыстан мерт болғандығы туралы баяндайды.

13.04 күні Атырауға көмекке аттанғалы жатқан бауырымыз Хово жүк көлігін вагонға артып жатқанда оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойып 7 баланың әкесі 37 жасар Қоспанов Қайырбек Әлімбекұлы деген бауырымыз марқұм болды. Бала күнімнен бірге өскен әрі көршім әрі досым еді. Өте мейірімді кімге көмек қажет болса қол ұшын созуға асығып тұратын азамат еді. Соңғы іс әрекеті де елі үшін көмекке асығу болыпты. Көмекке аттанар алдын өте қуанышты халде болып жүр еді, жақсы тілектер айтып шығарып салып едік, амал нешік жете алмады.

Оқиға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінің темір жол станциясында орын алды. Бірақ оқиға станцияның Шымкент қаласына тиесілі аймағы болып саналады екен. Бұл туралы қала әкімдігі де хабардар. Қала әкімі өз атынан көңіл айту хатын жолдаған екен, бірақ хатты отбасына жеткізуге әзірше Атырауға жедел түрде көмек жөнелтіліп жатуына байланысты әлі табысталып үлгермеді. Хаттың тек электронды нұсқасымен таныстық. Сөзіме дәлел болсын деп жазып отырмын бұл мәлім етті.

Елі үшін жанын берген азамат Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ынталы ауылының тұрғыны еді. Бүгін жаназасы шығарылып жер қойнына тапсырылды. Сізден өтінерім, елдің алдында жүрген азаматсыз ғой, осындай елі үшін жанын қиған азаматтарымызды ел танып, өз дәрежесінде есімі құрметтелуіне ықпал етсеңіз. Жаназа т.б шығындарын ауыл болып көтеріп өткізді. Ата анасы ерте өмірден өткен, өзінің 8 бала шағасы бар еді бірер ай алдын бір баласы шетінеп 7 еуі қалды. Бала шағасына обал болды. Өзінің басында баспанасы да жоқ, інісінің үйінде тұратын еді. Қолында мүгедек інісі бар. Өте ауыр болды отбасына. Осы туралы өзіңіз пост жазып ер есімін халыққа танытсаңыз,- деген оқырман өз жазбасында.

Диас Нұрақын сөз соңында өз оқырмандарына көп балалы әкеге ақшалай көмек жинап береміз бе деген сауал қойды.

P.S. Жұрттан жылу жинау, ақша сұрау әдетімде жоқ еді. Бірақ мына жігіттің артында 7 бала жетім қалыпты. Тасқыннан зардап шеккендерге көмекке барамын деп шейіт болған екен. Бәлкім, қаржылай қолдау көрсетіп, отбасына аз да болса көмек көрсетсек қалай болар екен? Әлде, тасқыннан зардап шеккендерге деп қаражат жинап жатқан қорлардың бірі қарайласар. Оқырмандар арасында жомарт жандар болса оны да айтыңыздар. Қысқасы, сіздермен ақылдасу үшін жазып отырмын. Ойларыңызды жазыңыздар. Сбор ашайық десеңіздер оны да ойластырайық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар