Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістанда оқушы қыз смартфон алып бермегені үшін анасына өкпелеп, үйінен кетіп қалған

09:13, 20 шілде 2024 1631

Түркістанда 13 жастағы қыз смартфон алып бермегені үшін қиғылық салып, анасына өкпелеп, үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қала тұрғыны болған жағдай жайлы полицейлерге кеше, кешкі сағат 19:00 шамасында арыз айтып жүгінген. Анасының айтуынша, қызы күндізгі сағат 12:00 шамасында үйінен шығып кетіп, хабарсыз кеткен. Анасы баласын өзі іздеген, бірақ нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларына кіріскен.

"Тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол саябақта достарымен бірге серуендеген. Тексеру барысында жас қыз ұялы телефон алып бермегені үшін анасымен ренжісіп, үйінен шығып кеткені анықталды. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды", - делінген полиция мәліметінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар