Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында бірнеше күннен бері іздестірілген 2 жастағы баланың денесі табылды

09:25, 05 сәуір 2026

Түркістан облысында Машат ауылында суға батып кеткен баланың денесі табылды, деп жазады Alash.kz.

ТЖМ хабарлауынша, 2026 жылғы 4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат елді мекені Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен. 

Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар