Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан.
Апат салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тәртіп сақшылары жол апатының себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.