Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетінің цифрлық форматтағы кезекті отырысын өткізіп, мемлекеттегі проблемаларды саралады, деп хабарлайды Alash.kz Turkmenportal-ға сілеме жасап.
Мемлекеттік Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Түркіменстан президенті жанындағы Азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау жөніндегі комиссияның төрағасы Б.Гундогдыев сөз алып, қасиетті Қадір түні (Гадыр Гиджеси) мерекесіне орай сотталғандарға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия жұмысының қорытынды баяндамасын оқыды.
Баяндаманы тыңдаған президент Сердар Бердімұхамедов ел түрмелерінде жазасын өтеп жатқан 321 түркіменстандыққа рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы Комиссия төрағасына құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, рақымшылық жасалған адамдарды уақытылы босатуды және олардың отбасыларына қайтарылуын ұйымдастыруды тапсырды.