2026 жылы Еуропада қай елде демалу арзанға түседі? Бұл туралы ALASH.KZ мәлімдейді.
2026 жылға арналған есепке сәйкес, Еуропадағы ең қолжетімді демалыс бағыттарының көшін Түркия бастап тұр.
Зерттеу үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығындары индексіне (HFCE) негізделген. Бұл көрсеткіш әр елдегі бірдей тұтыну себетінің құнын салыстыруға мүмкіндік береді.
Егер Еуроодақтағы орташа тұтыну себетінің бағасы 100 еуро деп есептелсе, онда елдердегі шығын көлемі мынадай:
- Түркия – 59,6 еуро - 31 800 теңге
- Хорватия – 78,4 еуро - 41 900 теңге
- Португалия – 86,6 еуро - 46 200 теңге
- Грекия – 87,4 еуро - 46 700 теңге
- Испания – 91,6 еуро - 48 900 теңге
- Италия – 97,1 еуро - 51 900 теңге
- Франция – 100,3 еуро - 53 600 теңге.
Осылайша, ұсынылған елдердің ішінде ең арзан демалыс бағыты – Түркия болса, ал Франциядағы шығын көлемі Еуроодақтың орташа деңгейіне сәйкес келеді.