Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркияда әйгілі сериалға түскен актриса ұсталды

10:45, 23 мамыр 2026

Түркияда есірткіге қарсы ауқымды тергеу аясында шоу-бизнес өкілдеріне қатысты ұстау шаралары жүргізілді. Күдіктілер қатарында танымал «Қызыл мүкжидек шәрбаты» сериалының актрисасы Фейза Дживелек пен әнші Мабель Матиз те бар, деп хабарлайды Hürriyet басылымы. Бұл жайлы Alash.kz хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, іс есірткіні сату, өндіру, қолдану және таратуға көмектесу күдігі бойынша қозғалған. Ыстанбұлдың Бакыркей аудандық прокуратурасы жиналған дәлелдер негізінде жандармерияға 25 адамға қатысты ұстау, тінту және биологиялық сараптама жүргізу туралы тапсырма берген.

Қазіргі уақытта 14 күдікті қолға түскен. Олардың арасында актриса Серенай Сарыкая, актер Онур Туна және әнші Беркай секілді өнер иелері де бар екені айтылды.

Айта кетейік, Мабель Матиз бұған дейін ән мәтініндегі «әдепсіз мазмұнға» байланысты қозғалған іс бойынша да тергеуге тартылған болатын. Алайда биыл мамыр айының басында сот оны толық ақтап шыққан.

Түркияда шоу-бизнес өкілдеріне қатысты есірткіге қарсы рейдтер былтырғы қазан айынан бері күшейтілген. Осы уақыт ішінде құқық қорғау органдары өнер, бизнес және спорт саласындағы бірқатар танымал тұлғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді. Тергеу әлі жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар