Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Түркия Ресей мен АҚШ басшыларын қабылдауға дайын” - Ердоған Ресей-Украина соғысын тоқтату туралы күтпеген мәлімдеме жасады

18:54, 24 қазан 2025 362

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен АҚШ басшыларын өз елінде саммитке қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Түрік басшысының айтуынша, Анкара мен Ыстамбұл Ресей мен Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен реттеуде маңызды рөл атқара алады.

“Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт түрде шешу жолында Түркияның, яғни Ыстамбұлдың маңызы қайта айқындалды. Біз келіссөздерді кез келген уақытта ұйымдастыруға әзірміз. Өкінішке қарай, Будапешттегі кездесу өтпей қалды”, – деді Ердоған Парсы шығанағы елдеріне жасаған сапарынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Түркия көшбасшысы өз елінің бейбіт диалог орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

“Біз басынан бастап әділ және тұрақты бейбітшілік орнату идеясын қолдадық. Екі тараппен де жақсы қарым-қатынас орнатқан ел ретінде бізге сенім білдіріліп отыр. Бұл – бейбіт келісімге келу жолындағы үлкен артықшылық. Біз бұл мүмкіндікті адамзат игілігі үшін пайдалануға дайынбыз”, – деді Ердоған.

Бұл ісімен Түркия соғысушы тараптар арасында делдалдық рөлін қайта жандандыруға тырысып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар