Түркияның қорғаныс министрлігі елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан ұшырылған үшінші баллистикалық зымыранды қағып түсіргенін хабарлады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мәліметке сәйкес, зымыранды НАТО әуе қорғаныс жүйелері жойған.
Бұған дейін:
-
4 наурызда Ираннан ұшырылған алғашқы зымыран елдің әуе кеңістігіне жетпей жойылған;
-
9 наурызда екінші зымыран Түркияның әуе кеңістігіне кіргеннен кейін қағып түсірілген.
Ал үшінші зымыранның нақты бағыты жарияланбаған. Түркия қорғаныс министрлігі оның елдің әуе кеңістігіне кіріп келе жатқанын ғана мәлімдеді.
Сонымен қатар, жұмаға қараған түні Инджирлик авиабазасы маңында жарылыс дыбыстары естілгені туралы ақпарат тарады. Бұл база Адана провинциясында орналасқан.