Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Туристер тарту үшін" - Алматы облысында «зебралар» жайылып жүр (ВИДЕО)

20:16, 21 мамыр 2026

Алматы облысының Түрген шатқалына апарар жолда "зебралар" жайылып жүр, деп жазады Alash.KZ

Шатқалға барар жолда трассаны кесіп өткен екі «зебраны» көрген тұрғындар аң-таң болды.

Оқиға куәгерлері түсірген видео әлеуметтік желіде әп-сәтте тарап, көпшілік «Африка жануарлары Қазақстанға қайдан келген?» деп қызу талқылады.

Алайда көп ұзамай бұл жұмбақтың сыры ашылды. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол бойымен жүгірген жануарлар нағыз зебра емес, туристердің назарын аудару үшін арнайы боялған ақ есектер болып шықты.

Белгілі болғандай, жануарлар Асы жайлауындағы демалыс аймағына келушілерді қызықтыру мақсатында қауіпсіз бояумен уақытша «зебраға» айналдырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар