Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түрікменстан президенті мереке қарсаңында жомарттық жасап, әйелдерге 17 доллардан бергелі жатыр

20:10, 26 ақпан 2026

Түрікменстан президенті Сардар Бердымұхамедов Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдерге 60 манат (шамамен 17 АҚШ доллары) көлемінде біржолғы төлем жасау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Аlash.kz.

Төлемдер 2–6 наурыз аралығында салтанатты жағдайда табысталмақ.

Қаражатты жұмыс істейтін әйелдер, зейнеткерлер, студенттер мен мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері, сондай-ақ аспиранттар мен Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушылары алады.

Бұл бастама 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар