Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қажет болған жағдайда түрік әскерлері Израиль аумағына басып кіретінін мәлімдеді деп хабарлайды Alash.KZ.
«Біз бұл сұмдық нәрселерді Израиль палестиналықтарға жасай алмауы үшін өте күшті болуымыз керек. Біз Қарабаққа кіргеніміз сияқты, Ливияға кіргеніміз сияқты, олармен де солай істей аламыз», - деді Ердоған.
Айта кетейік, Түркия ұлттық келісім үкіметінің күштеріне көмек көрсету үшін 2020 жылы Ливияға әскер жіберді. Сонымен қатар, түрік әскерилері Таулы Қарабақтағы операциялары кезінде Әзірбайжан армиясына көмектесті.