Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тұқым шашқан: Павел Дуров 100 баланың әкесі екенін айтты

14:23, 30 шілде 2024 927

Телеграм желісінің негізін қалаушы Павел Дуров 100 баласы бар екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бұрын-соңды үйленбегенін және жалғыз өмір сүруді ұнататынын атап өтті. Сондай-ақ Дуров қалай 100 баланың әкесі атанғанын айтып берді.

"Осыдан 15 жыл бұрын досым қызық өтінішпен келді. Ол әйелі екеуі бала көтере алмай жүргенін айтып, балалы болу үшін емханаға сперматозоид беруімді өтінді. Мен күліп жібердім. Алайда кейін оның ниеті шынайы екенін түсіндім", - деп жазды кәсіпкер.

Емханада дәрігерлер Дуровқа қазіргі уақытта жоғары сапалы донорлық материал тапшы екенін айтқан.

Дуровтың сөзінше, ол осылайша донор болған.

"2024 жылға келсек, мен донор болғалы бері 12 елде жүзден астам жұп балалы бола алды. Оның үстіне мен донорлықты тоқтатқаннан кейін көп жылдар өтсе де, кем дегенде бір ЭКО клиникасында менің мұздатылған ұрықтарым жасырын түрде қолжетімді. Менің биологиялық балаларым бір-бірін оңай табуы үшін өзімнің ДНҚ-ды қол жетімді етуді жоспарлап отырмын. Мен донор болғаныма өкінбеймін. Сау сперматозоидтардың жетіспеушілігі бүкіл әлемде үлкейіп келе жатқан мәселеге айналуда және мен оны шешуде рөл атқарғанымды мақтан тұтамын", - деп жазды Павел Дуров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар