Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Түпкілікті шешім емес" - Гарвардта оқитын қазақстандықтар туралы министр не айтты?

13:33, 29 мамыр 2025 174

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дүрбелең тудырған Трамптың шешімі бойынша пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.

"Барлық тиісті сауалды жолдадық. Қазіргі сот талқылауы жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысы 29-ына белгіленген. Дүрбелеңге түсуге әлі ерте. АҚШ-та сот сатысы шешім қолдау табатындығына немесе заңды күшіне енетіндігіне қатысты қорытынды форматты айқындауы мүмкін. Сондықтан да қазір соттың ресми шешімін күту маңызды", – деді министр.

«Болашақ» бағдарламасымен Гарвардта 7 қазақстандық білім алып жатыр. Егер шектеу енгізілсе, онда азаматтарды өзге университеттерге ауыстыруды ұйымдастыратынын жеткізді. 

Плюща лигасында бір емес 9 университет бар және олар шамалас деңгейде. Студенттер аталған ЖОО-лардың бірінде стипендия тағайындалған мамандық бойынша оқуын жалғастыра алады, дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар