Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түннен тыныш шықпадық: Мектепте атыс болып 6 адам ауыр жарақат алып, қаза тапқандар да тіркелді

09:39, 17 желтоқсан 2024 2181

Висконсин штатының Мэдисон қаласындағы христиан мектебінде атыс ашқан күдіктінің жеке басы анықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жергілікті полиция басшысы Шон Барнстың айтуынша, билік өзін Саманта деп таныстырған 15 жастағы Натали Рапновты анықтады.

Полицияның мәліметінше, Натали ауруханаға барар жолда өзіне өзі оқ атып, қаза болған.

Қыздың әкесі полициямен ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр.

Құрбандардың есімдері әзірге жарияланған жоқ. Полиция олардың туыстарының келісімін күтуде.

Соңғы мәліметтер бойынша, жараланған алты адамның екеуінің жағдайы ауыр. Олар – мектеп оқушылары. Мұғалім мен үш оқушы өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттар алған, олардың екеуі ауруханадан шығарылған.

Құқық қорғаушылар оның қыздың жоспарлары туралы білген-білмегенін анықтауға тырысуда.

Атыс туралы ақпаратты екінші сынып оқушысы хабарлаған. Ол 911 нөміріне сағат 10:57-де қоңырау шалған.

“Атыс сыныпта, аралас сынып оқушыларына арналған оқу залында болған”, – деді Шон Барнс дүйсенбі күні таңертеңгі баспасөз конференциясында.

Қазіргі уақытта Abundant Life мектебі полицияның бақылауында.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар