Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов туралы көркем фильм көрерменге жол тартады

17:42, 02 қазан 2024 208

10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Qajymuqan» фильмі көрсетілімін бастайды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, 2020 жылы түсірілімін бастап,  үлкен экранға ұсынбақ. 

Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

Қажымұқан Мұнайтпасов - француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
 
«Ол өзінің артықшылығын өз заманының ең жақсы балуандарына қарсы жеңістерімен дәлелдеді. Қажымұқан өзінің спорттық жетістіктерімен бүкіл әлемге танымал болған алғашқы қазақ болды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода көрермендер біздің атақты отандасымызға қол шапалақтады», - деп бөлісті режиссер.

Француз күресінен чемпион атағын жеңіп алған, аса ауыр салмақта өткізілетін классикалық күресте бүкілодақтық және әлем чемпионаттарының бірнеше рет жеңімпазы атанған тұңғыш қазақ баласының ғұмырымен өскелең ұрпақ танысу керек, білу керек, ұлықтау әрі үлгі алу керек деген ниетпен үлкен экранда жарқ етпек. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар