Бүгін елордада ұлттық телевизиялық «Тұмар» және «Үркер» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды, деп жазады Alash.kz.
Биыл екі жоба алғаш рет Qazaqstan Media Awards ұлттық медиа сыйлығы аясында біріктірілген еді. Салтанатты рәсімге еліміздің әр өңірінен келген жүздеген медиа маман қатысты.
▫️«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
- «Үздік радиожоба» — Қазақ радиосы - «Ойтұма» бағдарламасы
- «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» — Aıtainews Media Centre - «Al - жан»
- «Үздік медиа жоба» — Tengrinews - Tengri TV
▫️«Тұмар» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
- «Үздік тележүргізуші» — Вероника Вишневская - «Еуразия» бірінші арнасы
- «Үздік деректі жоба» — 24 KZ «4739» (ағзаны трансплантациялау туралы)
- «Үздік телевизиялық материал» — Qazaqstan теларнасы - «Қарқынды құрылыс»
- «Үздік әлеуметтік жоба» — Jibek joly - «Правда в деталях»
- «Үздік телехикая» — Astana TV «Ауыл бапкері»
- «Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама» — 7-арна - «Новости»