Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туған ұлы көзі көрмейтін анасын балталап басын шауып тастаған

10:05, 23 қаңтар 2025 605

Бұхар облысында 34 жастағы ер адам мас күйінде көзі көрмейтін анасын қатыгездікпен өлтірді деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға 2024 жылдың жазында болған. Сот материалдарына сәйкес, әйел төсекте жатып, ұлына шағым айтқан.

Осы сәтте басқа бөлмеде алкогольдің әсерінде болған ұлы оның «ауызын жабуға» бел байлап, келіп, анасының мойнына балтамен бірнеше рет соққы жасаған.

Соның салдарынан әйелдің басы денесінен бөлініп қалған.

Сот ер адамды адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар оған алкоголизмнен мәжбүрлі ем алу тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар