Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туған күніме орай: Димаш Құдайберген маңызды мәлімдеме жасады

09:24, 11 сәуір 2025 660

Әнші Димаш Құдайберген 26 мамырда туған күніне орай жанкүйерлерімен арнайы кездесу ұйымдастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

«D and Dears» атауымен өтетін фан-кездесу Almaty Arena стадионында өтеді. Іс-шара «Stranger» концертінің кинотеатрларда көрсетілуіне орайластырылған.

«Шығармашылығыма арналған бұл шоуда қазақстандық әртістер өнер көрсетеді. Сондай-ақ, түрлі сұрақтарға жауап алып, жаңа әндердің премьераларын және бейнебаяндарды тамашалай аласыздар», – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әншінің айтуынша, 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы елімізде алғаш рет кинотеатрларда 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен көрсетіледі.

Фан-кездесуге билеттер келесі аптадан бастап Ticketon сайтында сатыла бастайды.

 
#Dimash, #DQ, #Dimash Kudaibergenov, #Dears, #KudaibergenovDimash

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар