Ақтөбе қаласында орналасқан Ақтөбе облысының әкімшілігінің шатыры өртеніп, қала ішінде дүрбелең туғызған болатын. Аталған оқиғаға байланысты облыс әкімі Асхат Шахаров пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Әкім ғимараттың тұғырында тұрған Мемлекеттік туды өз қолымен алып шықты.
Әкімшіліктің туын акт бойынша өзім алдым. Туды қай кезде де сақтап қалуымыз керек. Шамалы бүлінген.
20:21-де өрт басталды. Бір сағат көлемінде өрт сөндірушілер локализациялады. Қазіргі таңда зардап шеккендер жоқ. Ғимаратқа ешқандай қауіп жоқ.