Триатлоннан Қазақстан құрамасы ТОП-10-ға енді, деп хабарлайды Alash.kz.
Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында триатлоннан аралас сайыстан жүлде сарапқа салынды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Диана Ержанова, Аян Бейсенбай, Егор Крупяков және Аида Кимнен құралған командамыз 1:31:45 уақыт көрсеткішімен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.
1-орын. Қытай - 1:25:54
2-орын. Жапония - 1:26:45
3-орын. Гонконг - 1:27:25
7-орын. Қазақстан - 1:31:45
Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Арлан Жаңабай Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бірінші қола жүлдені алып берген еді.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.