Америкалық «Financial Times» басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары кіші Дональд пен Эрик Трамптың Қазақстандағы вольфрам өндіру жобасына қатысатынын хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Инвесторлар құны 1,1 миллиард долларға бағаланған ауқымды жобаға «Skyline Builders» компаниясы арқылы енген. Осы келісімнің нәтижесінде еліміздегі стратегиялық маңызы бар кен орындарын игеретін жаңа халықаралық компания құрылды.
Бизнес активтерін біріктіру туралы шешімді Nasdaq биржасында тіркелген «Skyline Builders Group Holding Limited» пен Қазақстанда жұмыс істейтін «Cove Kaz Capital Group LLC» компаниялары 2026 жылдың 30 сәуірінде ресми түрде жариялады. Жаңадан құрылған біріккен кәсіпорын «Kaz Resources Inc.» деп аталады. Бұл құрылым болашақта Nasdaq қор биржасында «KAZR» тикерімен саудаланады деп жоспарлануда.
Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстанда орналасқан «Солтүстік Қатпар» және «Жоғарғы Қайрақты» кен орындарын игеру. Айта кету керек, президенттің ұлдары 2025 жылдың тамызында «Skyline Builders» компаниясына инвестиция салып, осы жобаға кіруге алдын ала дайындық жасаған.
«Компаниялар бизнестерін біріктіреді, біріккен компания Kaz Resources Inc. деп аталып, Қазақстандағы Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақты кен орындарында вольфраммен айналысады», — деп хабарлады Forbes.kz басылымы.