АҚШ президенті Дональд Трамптың Киевке Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалған соққыларға қатысты қысым көрсетуі аралық сайлау қарсаңында сайлаушыларға Украина президенті Владимир Зеленскийдің өз талабына көнгенін көрсету мақсатымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай пікірді халықаралық сарапшы Александра Филиппенко «Дождь» телеарнасының эфирінде айтты, деп жазды Alash.kz.
«Дональд Трампқа саяси шоу керек. Ол жұртқа: “Қараңыздар, бәрі келісті. Бәрі алдыма келіп, бас иді. «Иә, иә, президент мырза, қазір бәрін тоқтатамыз», – деді” деп көрсеткісі келеді», – деді сарапшы.
АҚШ-та аралық сайлау 3 қарашада өтеді.
Филиппенко Трамп әкімшілігі Киевке қару сату мәселесіне қатысты ұстанымын өзгертетініне күмән келтірді. Оның пікірінше, қару-жарақ сату АҚШ бюджетіне табыс әкелетіндіктен, бұл бағыттан бас тарту екіталай.