Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Трамп ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты»: Америка Иранға соққы беруді қайта бастай ма?

11:57, 28 қыркүйек 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді қайта бастау мақсатында Ормуз бұғазын жеті күнге ашу туралы ұсынысын қабылдамай тастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Тегеран бұғазды ашудың орнына Вашингтоннан теңіз блокадасын алып тастауды, Иран мұнайын сатуға салынған санкциялардың күшін жоюды және Ливанды да қамтитын атысты тоқтату режимін қамтамасыз етуді талап еткен болатын. 

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұғазды ашу мен келіссөздерге өтудің нақты мерзімдерін ұсынғанымен, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл нұсқадан үзілді-кесілді бас тартып, өз шешімін көпшілік алдында растады. АҚШ басшысы қараша айында өтетін аралық сайлаудан кейін Иранға соққы беруді қайта бастауды жоспарлап отыр, сондай-ақ әлеуметтік желіде Ормуз бұғазы «Трамп бұғазы» деп өзгертілген суретті жариялаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар