АҚШ президенті Дональд Трамп Линдси Грэмнің атымен байланысты заңда көзделген бірқатар санкция, шектеу және баж салығын қолданбау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған құжатта айтылған, деп жазды Alash.kz.
Құжатқа сәйкес, Трамп АҚШ Конгресіне аталған шараларды қолданудан бас тарту елдің ұлттық мүдделеріне сай келетінін растайтын мәлімдеме жолдаған.
Шешім президент немесе мемлекеттік хатшы өзгеше шешім қабылдағанға дейін күшінде болады.
Заң Ресей мұнайы мен табиғи газының ең ірі бес сатып алушысына, сондай-ақ Мәскеуге санкцияларды айналып өтуге барынша көмектесетін бес елге 100 пайыздық баж салығын енгізуді қарастырады.
Сонымен қатар, құжатта Ресейден АҚШ-қа экспортталатын тауарларға 500 пайыздық баж салығын салу және Ресей президенті Владимир Путинге қарсы жеке санкциялар енгізу мүмкіндігі көзделген.
Трамп заңға 18 қыркүйекте қол қойған. Алайда оның жекелеген ережелерін қолданудан бас тарту туралы шешім қосымша шектеулердің әзірге енгізілмейтінін білдіреді. Бұл АҚШ-тың Ресейге қарсы бұрыннан қолданыстағы барлық санкцияларының күшін жоймайды.